+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

ТӘУЕЛСІЗДІК ТУРАЛЫ ПІКІР: Тәуелсіздік - біздің жеке ұлт ретінде кім екендігімізді әлемге айғақтайтын ұлық мереке - Г.Жүгенбаева:

2014 жылғы 17 желтоқсан 15:01
Бөлісіңіз:

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік - біздің жеке ұлт ретінде кім екендігімізді әлемге айғақтайтын ұлық мереке. Бұл туралы пікірін ҚазАқпарат тілшісіне ҚР БҒМ ҒК Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Жүгенбаева Гүлбану Саламаддинқызы айтты.

«Тәуелсіздік кез-келген ұлттың ең басты мұраты, асыл арманы. Әлемде өз мемлекеттігін құраған, өз дербестігін алған титулды ұлттар аз. Керісінше, өз тәуелсіздігін жоғалтқан қанша ұлттар бар. Бұл біздің мемлекетіміздің ең ұлы жетістігі. Бұл - біздің саяси тарихымызда жеке ұлт, халық ретінде біздің кім екендігімізді айғақтайтын ұлық мереке. Қазақ халқының Тәуелсіздігінің басты факторын әлем мойындаған. Ол 130 ұлтты ұйыстырып отырғанында болса керек. 1731 жылы тарихи саяси жағдайға байланысты отарлық жүйенің қыспағына түсіп қалдық. Сол кезеңнен бастап, Тәуелсіздік үшін күресіміз бір секунд та, бір сәт те тоқтаған жоқ. Ол 18,19,20 ғасырларда әр заманның ағымына, үрдісіне қарай тек ұлт-азаттық көтерілістен емес, халық шығармашылығынан орын тепті. Мысалы, зар-заман әдеби кезеңін алсақ болады. 20 ғасырдағы алаш қайраткерлерінің қозғалысын интеллектуалдық ұлт-азаттық қозғалысы деп сипаттауымызға болады. Олардың қайраткерлігі, тұлғалық саясаты осылай сипаттауға мүмкіндік береді», - деді Гүлбану Саламаддинқызы.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының халықтың тарихи санасын жаңғыртуда көп еңбегі сіңді.

«Президент халықтың тарихи санасын жаңғыртуға тұлға ретінде барынша күш салып келеді. Оны біз ашып айтуымыз керек. Оны тек қана президент болуынан ғана емес, жеке тұлғалық қасиеті деп бағалауымыз керек. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бері елде халықтың тарихи санасын жаңғыртуда көп жұмыс жүргізілді. Мемлекет басшысы ұсынған «Мәңгілік ел» деген идеологиясы тегін емес. Неге қазақ хандығы, алтын орда, алаш қайраткерлері ұстанымы айтылмады? Президент өзінің тарихи-саяси ойлауын, мәңгілік ел деп түркілік кезеңге арқа сүйеді. Оның барлығы үлкен көрегенділік саясат. Белгілі бір кезеңде қазақ халқы өзінің тарихында өзінің отанында тек өзі емес, қанша халықтарды ұйыстырушы ұлтқа айналып отыр. Бір кездері түркі империясын түлеткен, жаңғыртқан осы Мәңгілік ел идеологиясы болатын. Соны қайтадан жаңғыртып, тарихтың астарын көрсетіп жатыр. Кешегі «Тәуелсіздік толғауында» да осыны тарихи тұрғыдан екшеп берді. Тарих пен философия ол кісінің ойында қатар астарласып жүреді. Енді біздің міндет - осыны қоғамға дұрыс жеткізу», - деді ол.

Сарапшы Тәуелсіздік күнінде тек ән айтып, жыр жырлауымен шектелмеу керектігін айтты.

«Тәуелсіздік күнінде біз БАҚ арқылы тарихи сананы жаңғыртуға күш салуымыз керек. Тарихи фактологиялық материалдарды, деректі құжаттарды халықтың зердесіне көп ұсынуымыз керек», - деп қорытындылады Гүлбану Саламаддинқызы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT