+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

ТӘУЕЛСІЗДІК ТУРАЛЫ ПІКІР: Сәуле Әбішева: Қазақтың көкейкесті арманы болған азаттыққа жету - үлкен бақыт

2014 жылғы 17 желтоқсан 17:23
Бөлісіңіз:
ТӘУЕЛСІЗДІК ТУРАЛЫ ПІКІР: Сәуле Әбішева: Қазақтың көкейкесті арманы болған азаттыққа жету - үлкен бақыт

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақтың біртуар азаматтарының аңсап кеткен арманын Ұлт көшбасшысы - Нұрсұлтан Назарбаев жүзеге асырды. Бұл туралы Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік мемориалдық «Алтын емел» музейінің директоры, «Құрмет» орденінің иегері Сәуле Әбішева айтты.

«Тәуелсіздік сөзі біздің қанымыз бен жанымызды бір құрамдас бөлігі. Қазақ жері мен елі ата-бабамыздың кейінгі ұрпаққа қалдырға баға жетпес мұрасы. Еліміздің маңызды мерекесіне арналып кеудеме тағылып жатқан «Құрмет ордені» қазақтың мақтан тұтар перзенті, ғалым Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановқа деген құрметпен берілді деп ойлаймын. Мен «Алтын емел» музейін 30 жылдан бері басқарып келемін. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында небәрі 30 жылда Шоқан Қазақстанның елдік дәрежесін көтеріп, өзге өркениетті елдермен терезесі тең болуын аңсап өткен. Оның арманын Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев жүзеге асырды. Қазір Мемлекет басшысының көптеген жасампаз реформаларының жемісі әлеуметтік, экономикалық салада көрініс тауып жатыр», - деді Сәуле Нұрқасымқызы.

Мемлекет басшысының елдің рухани-мәдени құндылықтарының қайта жаңғыруына қосқан үлесі шексіз дейді сарапшы.

«Оның бастамасымен «Мәдени мұра» және өзге де бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылып келеді. Ата-бабамыздың ерлігінен, ақыл парасатынан хабардар ететін тарихи мұраларды жинақтап, ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп келе жатқан мұражай ісі маңыздылығымен ерекшеленеді. Осы тарихи жәдігерлер арқылы жеткіншектерді Отанын сүюге, патриоттық сезімін оятуға тәрбиелейміз. Соның ішінде мұражай саласын бағалап, «Құрмет» орденін ұсынып жатқаны Алматы облысы әкімінің, мәдениет саласының қажырлы еңбегінің арқасы деп есептеймін», - деп қорытындылады музей директоры.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT