ТӘУЕЛСІЗДІК ТУРАЛЫ ПІКІР: Патриоттық тәрбие - жеке тұлға ретінде қалыптасудың міндетті элементі -ҚарМУ профессоры З. Сақтағанова

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанның тарихшылар конгресінде 2014 жылғы 15 желтоқсандағы Мемлекет басшысының Тәуелсіздік туралы идеяларын еліміздің барлық мектептері мен жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына енгізуді ұсынғаны ел келешегі үшін аса маңызды өлшем дер едім.

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы Зәуреш Сақтағанова осындай пікір білдірді.

«Президенттің Тәуелсіздік туралы сөзі, Ұлытау бөктеріндегі айтылған оның кемел пайымы, тұтастай Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қай кезде де айтқан сөздері терең мән-мағынаға ие. Әрине, бұл құндылықтарды өскелең ұрпақтың бойына сіңіру аса маңызды. Егемендік жайлы әңгіме қозғалғанда, отандық және дүниежүзілік тарих сабақтарында ұстаздар Н. Назарбаевтың сөздерін ерекше толғаныспен жеткізетіні сөзсіз», - деді З. Сақтағанова.

Бұдан басқа, ол мемлекеттік қызметшілерге де азаматтық сабақтарын өткізу артық болмайды деп пайымдайды. «Егер олар саналарына адам құқықтарына құрметпен қарауды, егемендігімізді сақтау қажеттігін, тәуелсіздік пен ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі факторларын, Отан, халық алдындағы адал еңбек пен жауапкершілікті сіңіріп, оны сезіне білсе, мемлекетте сыбайлас жемқорлықтың да жолы кесілер еді», - деп сөзін түйіндеді ғалым.

Соңғы жаңалықтар