+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

ТӘУЕЛСІЗДІК ТУРАЛЫ ПІКІР: А.Башмаков: Тәуелсіздік пен Назарбаев - Қазақстан қоғамының егіз тарихи символы

2014 жылғы 17 желтоқсан 12:25
Бөлісіңіз:
ТӘУЕЛСІЗДІК ТУРАЛЫ ПІКІР: А.Башмаков: Тәуелсіздік пен Назарбаев - Қазақстан қоғамының егіз тарихи символы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік пен Назарбаев - Қазақстан қоғамының егіз тарихи символы деп санайды Қазақстан халықтары Ассамблеясы төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков.

«2014 жылдың желтоқсан айында маңызды тарихи оқиғалар мен мерекелер өтті. Қазір еліміздің ең басты мейрамы - Тәуелсіздік күнін тойлап жатырмыз. Менің ойымша, Тәуелсіздік пен Назарбаев - Қазақстан қоғамының егіз тарихи, саяси, рухани-мәдени символы. Бұл қазіргі Қазақстан қоғамының заманауи жетістіктерінің бірі. Мен үнемі осыны мақтан тұтамын. Қазақстан - өркениеттің рухани белгісі», - деді А.Башмаков.

Оның айтуынша, Қазақстанда тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан көптеген ұлттар мен ұлыстардың өкілдерінің арасында толеранттылық деген үлкен қазынаны жоғалтып алмау керек.

«Бұл ұлттар мен діндердің, мәдениеттер мен халықтардың арасындағы бірлікті қамтамасыз етеді», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT