USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Тәуелсіздік тарихы - құжат беттерінде

2017 жылғы 17 желтоқсан 11:26
Бөлісіңіз:
Тәуелсіздік тарихы - құжат беттерінде

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан бүгін тәуелсіздік алып, дербес мемлекет атанғанына 26 жыл толды. Осы орайда тарихи бетбұрыстарға әкелген, 26 жыл архивте жатқан құжаттарға жан бітіруге тырыстық. Аталған құжаттардың түпнұсқасы ҚР Тұңғыш Президенті архивінде сақтаулы.

1991 жылдың желтоқсанына таман Кеңес Одағы ыдырап, әр мемлекет өз тәуелсіздігін жариялай бастады. Олардың бірі болып Қазақ КСР 1990 жылы 25 қазанда егемендігі туралы декларация қабылдады.

«1990 жылы Түркияға алғашқы сапарымыз болды. Ол кезде Кеңес Одағы ыдырамаған болса да Анкарада біздің делегацияны үлкен құрметпен қарсы алды. 1990 жылы 25 қазанда біз егемендік алғанымыз туралы декларация қабылдаған болатынбыз. Бұл құжатта КСРО басшылығының қарсылығына қарамастан өз Отанымыздың тәуелсіздігі мен шекарамыздың тұтастығын айқындадық», - деді Н.Назарбаев «На пороге 21 века» кітабында.

1990 жылдың 24 сәуірінен бастап Нұрсұлтан Назарбаев ҚазКСР Президенті болды.

1991 жылдың 10 желтоқсанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы» Заң қабылдады. Аталған құжатқа сәйкес жаңа құрылған тәуелсіз мемлекет Қазақстан Республикасы деп аталды. Сайлауда халықтың 98,8 пайыз дауысына ие болған Нұрсұлтан Назарбаевты Мемлекет басшысы ретінде ұлықтау рәсімі өтті.

null

1991 жылдың 16 -желтоқсанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі ҚР Тәуелсіздігі туралы заң қабылдады. Мемлекеттің атауы өзгеруіне байланысты Н.Назарбаев тәуелсіз мемлекеттің президенті атанды.

5 күн өткен соң 1991 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстанның сол кездегі астанасы Алматыда бұрынғы кеңестік он бір республиканың басшылары бас қосып, маңызды стратегиялық шешім қабылдаған еді. Дәл осы күні Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы мүше-мемлекеттерінің Алматы декларациясы өмірге келді.

null

Осыған дейінгі аса маңызды құжаттардың бірі «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» ҚазКСР Президентінің № 409 Жарлығы Алматыда 1991 жылы 19-тамызда жарияланды. Бұл құжаттың арқасында 40 жыл бойы ядролық қару сынақтары өткізілген Семей ядролық полигоны жабылды.

null

«Қазақ ССР-інің сыртқы экономикалық қызметінің дербестігін қамтамасыз ету туралы» 1991 жылдың 31 тамызында Қазақ Советтік Социалистік Республикасы Президентінің Жарлығы шықты.

null

«Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілдігін ашу туралы» 1992 жылдың 5 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты. 1992 жылдың 2 наурызынан бастап Қазақстан БҰҰ мүшелігіне өткен болатын.

null

Қазақстанның ұлттық валютасы 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға енді. Ол кезде 1 теңге 500 рубль болатын. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы ақшасын «Харрисон и сыновья» ағылшын компаниясы басып шығарды. Елде банкнота фабрикасы 1995 жылы ашылды. Бүгінде қазақстандық теңге ең берік қорғалған ақша ретінде танымал.

null

«Одақтық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың Қазақ ССР Үкіметінің қарамағына көшуі туралы» Қазақ Советтік Социалистік Республикасы Президентінің 1991 жылғы 31 тамызындағы №410 Жарлығы. Осы құжаттың арқасында барлық шаруашылықтар мен кәсіпорындар, әсіресе қазба байлығы өз мемлекетіміздің меншігіне айналды.

null

1996 жылы 24-қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Конституциялық Заң күші бар № 2797 Жарлығы шықты.

null

Архив құжаттары ҚР Тұңғыш Президенті архивінен алынды.

Бүгінде тәуелсіз Қазақстан экономикалық тұрғыдан қуатты, әлеуметтік саласында тұрақтылыққа жеткен мемлекет. Еліміз сыртқы саясат саласында да бірқатар жетістікке жетті. Қазақстан аса маңызды тарихи халықаралық шараларға мүше ретінде қатысып жүр.

2010 жылы 1-2 желтоқсанда Астанада Н.Назарбаевтың төрағалығымен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиті өтті.

Қазақстанда Азия ойындары, 28 қысқы универсиада, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT