Тәуелсіздік монументі қалай орнатылды: Мұрағаттық видео жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президенттің Телерадиокешені Алматы қаласында 1996 жылы Тәуелсіздік монументінің қалай орнатылғаны туралы тарихи кадрларды жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Достар, бүгін «no comment» айдарында сіздерге 1996 жылғы мұрағат кадрларын дайындадық. Алматыда Тәуелсіздік монументі қалай орнатылып еді? Еске түсірейік!», - делінген Президенттің Телерадиокешені хабарламасында.

1996 жылы 16 желтоқсанда Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан Тәуелсіздігінің 5 жылдығына орай «Тәуелсіздік монументі» ашылды.

Сәулет ансамблі биіктігі 28 метр болатын тас колоннадан және қаптал тастардан тұрады. Колоннаны қоршаған қаптал тастарда халқымыздың ұлы сақ дәуірінен Тәуелсіздік таңы атқанға дейінгі тарихы бейнеленеді. Ал стелланың ұшар басында қанатты барыс мінген Алтын жауынгердің асқақ мүсіні орналасқан.


Соңғы жаңалықтар