Тәуелсіздік мерекесі: Бір топ ақмолалық марапатталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күніне орай еңбегімен көзге түскен бір топ ақмолалықтар мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көкшетау» мәдениет сарайында ұйымдастырылған «Тәуелсіз Қазақстан - Ұлы дала елі» атты мерекелік шараға жиналғандар алдында сөз сөйлеген аймақ басшысы барша ақмолалықтарды еліміздің басты мерекесі - Тәуелсіздік күнімен құттықтай келе, Қазақстанның егемендік жылдары қол жеткізген жетістіктері жайлы айтып берді.

«Биыл ақмолалық диқандар 5,6 миллион тонна астықты қоймаға құйып, әр гектардан 13 центнерден өнім жинады. Биылғы жылдың соңына дейін облыста 5 мың пәтер пайдалануға берілетін болады. Көкшетау қаласынан 900 орындық IT мектеп-лицейі ашылды. Таяу жылдар ішінде 3 мың орындық жатақханалар салынбақшы. Бұның бәрі де Тәуелсіздігіміздің арқасында қол жеткізіп отырған жетістіктер», - дей келе, облыс әкімі Тәуелсіздік алған ширек ғасырдан астам уақыттан бері елді көркейтуге бар күштерін салған ақмолалықтарға шынайы алғысын жеткізді.null

Мемлекеттік және қоғамдық қызметте еңбегі сіңген азаматтарға Елбасының Жарлығына сәйкес бірнеше мемлекеттік марапаттарды тапсырды. Мұндай қошеметке ие болғандардың қатарында аудан әкімдері, серіктестік басшылары, қарапайым еңбеккерлер де бар.null null

Ұлық мереке жергілікті көркемөнерпаздардың қатысуымен концертке ұласты. 

  null 

Соңғы жаңалықтар