USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Тәуелсіздік құрдасы: Ақмолалық тұрғын киім тігіп, бизнесін дамытуда

2021 жылғы 6 желтоқсан 20:40
Бөлісіңіз:
Тәуелсіздік құрдасы: Ақмолалық тұрғын киім тігіп, бизнесін дамытуда

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда Ақмола облысында ел Тәуелсіздігінің құрдастары түрлі мамандықтарды игеріп, еліміздің гүлденуі мен дамуына еңбек етуде. Олардың қатарында Астрахан ауданының тұрғыны, жас кәсіпкер Айсұлу Өмірзақ тапсырыс бойынша киім тігіп, бизнесін дөңгелетіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкенттік жастар қала тазалаушыларға таңғы ас үлестірді Алматылық волонтерлер өртенген әкімдік ғимаратын тазалауға көмектесіп жатыр Еңбек жөніндегі уәкілетті органға NEET санатындағы жастарды жұмысқа орналастыру құзіреті беріледі

Облыстық ішкі саясат басқармасы ұсынған мәліметке сүйенсек, Айсұлу жастайынан өзге қыздар сияқты үйінде киім тігіп, тоқумен айналысты. Ер жеткенде киім тігу бойынша өзінің жеке кәсібін ашуды армандады. Арманы оны адастырмады. Бала кезден тәжірибе жинаған ол, есейе келе достары мен таныстарына тапсырыс бойынша жаңа киім тігіп немесе ескісін жаңартып беріп жүрді.

«Мен әрқашан киім тігу бойынша бизнес ашып, идеямды одан әрі дамытқым келді. Міне, осы жоспарды 30 жасқа толғанымда жүзеге асыра алдым», - деді Тәуелсіздік құрдасы.

Айсұлу бизнесіне мықтап кіріспен бұрын алдымен Кәсіпкерлер палатасының Астрахан аудандық филиалына жүгініп, кеңес алған. Онда «Бастау Бизнес» жобасы бойынша арнайы курстан өтіп, сертификат алып шығады. Кейін жеке киім тігу, киімді қалпына келтіру бойынша өзінің бизнес-жоспарын қорғап, 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қажетті грант алып, жабдық сатып алады.

Осылайша, қазір ол аудан орталығында үй-жайды жалға алып, өзінің сүйікті ісімен айналысуда. Айсұлудың айтуынша, матаға өрнектер мен жазуларды түсіру клиенттер арасында ерекше сұранысқа ие.

«Менің арманым еліміз Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы жылы жүзеге асырылғанына өте қуаныштымын. Барша қазақстандықты осы мерекемен құттықтаймын. Біздің Қазақстанымыз дамып, нығайып, гүлдене берсін», - деп түйіндеді Айсұлу Өмірзақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT