Тәуелсіздік күнінің құрметіне Нұр-Сұлтанда мерекелік отшашу болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұйымдастырушылардың сөзінше, отшашу шығыны толықтай демеушілердің есебінен болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, елорда тұрғындары мен қонақтарына отшашуды Хан Шатыр ғимаратының маңында Есіл өзенінің жағалауынан көруге мүмкіндік жасалды. Сонымен қатар Абылай хан мен Пушкин көшелерінің қиылысынан да бақылауға болатын еді.

Бұл ретте ұйымдастырушылар отшашуды қаланың биік қоршауы жоқ кез келген аймағынан көрінетіндей етіп ұйымдастырған.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, отшашу жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-де басталды. Оның биіктігі 210 метрді құрады, ал ұзақтығы 10 минутқа созылды. Әр нүктеден 4500-ден 5000-ға дейін ату жоспарланды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, отшашуды ұйымдастыру үшін мемлекет бюджетінен қаржы бөлінбеген. Ол толықтай демеушілердің есебінен іске асырылған.

Соңғы жаңалықтар