Тәуелсіздік күніне тарту: Балалар Қарлытау шыңын бағындырады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Алматы әскери-патриоттық клубының мүшелері Қазақстанның көк байрағын Қарлытау шыңына орнатпақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балалар Алатаудың биік шыңдарының бірін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында бағындыруды жоспарлап отыр.

Осылайша, Алматы әскери-патриоттық клуб мүшелері мерекеге тарту жасамақ. Тау шыңына 3 жылдан бері альпинизммен айналысатын балалар шығады.

Бүгінге дейін жасөспірімдер биіктігі 3-4 мың метр және одан жоғары болатын Панфилов, Абай, Молодежный, Советов, Комсомол, Фурманов пен Панорама шыңдарын бағындырып үлгерген. Қарлытау шыңы Іле Алатауында орналасқан. Биіктігі - 4170 метр.

Соңғы жаңалықтар