Тәуелсіздік күніне орай қостанайлықтарға мемлекеттік наградалар табысталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиналыс барысында Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов Отанның дамуына үлкен үлес қосқан жерлестерге орден, медаль және грамоталарды табыстады.

Мерекенің құрметіне ұйымдастырылған салтанатты жиын кезінде облыс әкімінің орынбасары Мұрат Дәрібаев: «2000 жылдан бастап шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейтіндердің саны үш есеге, ауыл шаруашылығындағы ішкі жалпы өнімнің көлемі - 120 есеге көбейді. Инвестициялар көлемі 180 млрд. теңгеге жетті, яғни 18 есеге көбейді», деп хабарлады.

«Біз жыл сайын алға қадам басып, Қазақстан әлемдік аренада сенімді позицияларды алып жүргенін сенімді айта аламыз. Басты байлығымыз - Қазақстанның гүлденуі үшін аянбай жұмыс істеп жүрген адамдар», - деді облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов.

Аймақ басшысы он қостанайлық азаматқа «Құрмет» орденін табыстады. Олардың арасында облыстық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Қанат Әбілдин, «Милх» ЖШС-нің бас директоры Сергей Блок, мемлекеттік, банктік мекемелер мен қоғамдық қызмет көрсету облыстық кәсіподағының төрайымы Римма Гайсенова, «Акгеик» ЖШС-нің директоры Амангелді Жалғасов, «Трояна» ЖШС-нің директоры Юрий Малышко, «Баталинское» ЖШС-нің директоры Виталий Морковник, «СЫЛ» ЖШС-нің директоры Гагик Овнанян, «ЕвразКаспианСталь» ЖШС-нің бас директоры Сергей Сотников, «ССГПО» АҚ бас инженері Равиль Урдубаев, Қарасу ауданының әкімі Алмабек Шәмшиев болды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен 21 адам, тоғыз қостанайлық азамат «Шапағат» медалімен, тағы тоғызы - Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар