Тәуелсіздік күніне орай 168 отбасы арендалық пәтерге ие болды - Талдықорған (ФОТО)

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күні қарсаңында Талдықорған қаласында 168 отбасына жаңа пәтерлердің кілті табыс етілді.

Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Махаббат Бигелдиев пен Талдықорған қаласының әкімі Ермек Алпысов пәтер иелерін қоныстойымен құттықтап, кілттерін табыс етті.

168 пәтерлік үй 9, 7 және 5 қабатты үш блоктан тұрады. Соның ішінде 117 пәтер - бір бөлмелі, 51-і - екі бөлмелі пәтерлер.

«Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы аясында «Талдықорған қаласы құрылыс бөлімінің» тапсырысымен салынған үйдің құрылысы 2012 жылдың қарашасында басталған. Оны салу үшін бюджеттен 823 516,5 мың теңге бөлінген. Бас мердігері - «Снукер» ЖШС.

Соңғы жаңалықтар