09.01.2023 17:34 Терроризм мен экстремизм бойынша сотталғандарға қолданылатын жаза өзгертіледі АСТАНА. ҚазАқпарат – Терроризм мен экстремизм бойынша сотталғандардың жазасын жеңілдету шаралары қарастырылып жатыр. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.12.2022 02:28 Тәуелсіздік мерекесінде Жезқазған қаласында 90 отбасы пәтер кілттеріне ие болды АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік мерекесінде Жезқазған қаласында 90 отбасы пәтер кілттеріне ие болды деп хабарлайды Жезқазған қаласының әкімдігі.
17.12.2022 17:30 Тәуелсіздік мерекесіне орай Түркістан облысында 60 отбасы баспаналы болды ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысында 60 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.12.2022 04:36 Өскеменде «Желтоқсан алауы» мүсіндік композиция бой көтерді ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында «Желтоқсан алауы» атты мүсіндік композиция бой көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.12.2022 00:47 Дубайдағы Бурж Халифа ғимаратында Қазақстан туы бейнеленді АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемнің ең биік ғимараты Дубай қаласындағы Бурж Халифа қасбетінде Қазақстан туы бейнеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.12.2022 21:28 Тәуелсіздік халықтың ұзақ жылдар күткен қуанышы еді - ардагер-журналист ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Еліміз тәуелсіздік алған кездері Қазақстан халқы үлкен қуанышқа бөленді. Жұртшылықтың көл-көсір қуанышы баспасөз беттерінде көрініс тапты. Алаш баласы аңсап күткен азаттық жөнінде сүйінші хабарды жеткізген басылымдар қатарында Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газеті де бар. Сол жылдарда облыстық газетте қызмет атқарған ардагер-журналист Жолдасбек Ақсақалов тәуелсіздік алған кезеңдегі әріптестерінің қуанышы, егемендіктің алғашқы жылдарындағы қиындықтар жөнінде ҚазАқпарат тілшісіне баяндап берді.
16.12.2022 17:34 Алматылықтар Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Ерболат Досаев бастаған қала жұртшылығы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.12.2022 15:17 Тәуелсіздік жолы тақтайдай тегіс болмайтынына біз осы жылдар ішінде көз жеткіздік – Тұяқбай Рысбеков ОРАЛ. ҚазАқпарат – Тәуелсіздіктің қадір-қасиеті қандай, осы отыз жылдан астам уақыт ішінде біз оны терең түсініп болдық па? Ата-бабамыздың қанымен келген азаттық кілтін берік ұстау үшін не істеуіміз қажет? Осы сауалдар төңірегінде батысқазақстандық белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик Тұяқбай Рысбеков ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берді.
16.12.2022 14:29 Садыр Жапаров Қазақстан халқын Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
16.12.2022 13:35 Тәуелсіздікті баянды ету бәріміздің қолымызда – Тілекжан Рысқалиев, философ-ғалым ОРАЛ. ҚазАқпарат – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта не тындырылды, неге қолымыз жетпеді? Елдің еңсесі биік болуы үшін не істеуіміз керек? Осыған орай белгілі батысқазақстандық ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор Тілекжан Рысқалиев ҚазАқпарат тілшісіне өз ой-толғамдарымен бөлісті.
16.12.2022 11:59 Желтоқсан оқиғасына қатысқан ақтөбелік мұғалім Гүлайым Жанғалиева естелігімен бөлісті АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Желтоқсан оқиғасы кезінде студент болған Гүлайым Жанғалиева әлі күнге дейін өткен күндерді қорқынышпен еске алады. Тәуелсіздік алған жылдары ғана еркіндікті сезінгенін, ұрпақ тәрбиесінде ұлттық рухқа көп көңіл бөлетінін ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.
16.12.2022 11:10 Тәуелсіздік туралы алғаш хабар халыққа қалай жетті – ардагер журналистің естелігі АҚТАУ. ҚазАқпарат – Қазақстан тәуелсіз ел болды. Осы жаңалықты алғаш естіген кезде сол кезде ақпарат саласында жүрген тілшілер қауымы қандай сезімде болды, сүйінші хабарды халыққа қалай жеткізді? ҚазАқпарат тілшісі осы сауалды 1991 жылы Маңғыстау облысы телерадиокомпаниясының бас редакторы болған ардагер журналист Жоламан Бошалаққа қойған еді.
16.12.2022 09:55 Тәуелсіздік жарияланған күнді ұмыту мүмкін емес – Аманкелді Шахин, ақын-журналист ОРАЛ. ҚазАқпарат – Қазақстан Тәуелсіздігі жарияланған күнді көзімен көріп, жүрегімен сезінген аға буын өкілдері аз емес. Солардың бірі – танымал ақын-журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Орал қаласында тұратын Аманкелді Шахин ҚазАқпарат тілшісінің сауалдарына жауап берді.
16.12.2022 08:05 Президент: Мемлекетіміздің егемендігін, жеріміздің тұтастығын қорғау – әр азаматтың қастерлі борышы АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
16.12.2022 07:30 Қазақстанның Тәуелсіздігіне 31 жыл толды АСТАНА. ҚазАқпарат – Осыдан 31 жыл бұрын 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылданған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
16.12.2022 04:13 Ақтөбеде желтоқсаншыларға ескерткіш орнатылуы мүмкін АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15.12.2022 20:56 Астанада Тәуелсіздік күніне орай мұқтаж жандарға азық-түлік себеті таратылды АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада 1 мыңға жуық мұқтаж жанға азық-түлік себеті таратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.12.2022 20:39 Талдықорғанда желтоқсандықтарға арналған ескерткіш ашылады ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Келесі жылы Талдықорғанда желтоқсандықтарға арналған ескерткіш ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
15.12.2022 19:35 Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Қытай арасындағы бақылау-өткізу бекеттері уақытша жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
15.12.2022 18:53 Қазақстанда Тәуелсіздік есімді бір адам, ал Егемен атты 21 адам тұрып жатыр АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық статистика бюросы Тәуелсіздік күніне орайластырып қойылған есімдер жайлы мәлімет жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.