Тәуелсіздік күні: Мерекелік отшашу Астана аспанын сәнге бөледі

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат -Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған мерекелік отшашу Астана аспанын сән-салтанатқа бөледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Есіл өзені  жағасында да мереке қызу өтіп жатыр. Отшашу салтанаты, шаттыққа  бөленген ата-аналар, шанамен сырғанап қыстың қызығына бөленген балалар - осының бәрі егеменді  еліміздің бейбіт те мамыражай тірлігін паш етеді. Елордалықтар ел жұртшылығымен бірге Тәуелсіздіктің 27 жылдығын кеңіне атап өтуде.






Соңғы жаңалықтар