Тәуелсіздік күні: КТИ курсанттары отандастарына ерекше құттықтау жолдады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ қарасты Көкшетау техникалық институтының курсанттары ерекше флешмоб ұйымдастырып, отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Əлеуметтік желіде тараған видеоға қарағанда болашақ өрт сөндірушілерді даярлайтын еліміздегі жалғыз оқу орны Көкшетау техникалық институтының бір топ курсанты қаз-қатар тізіліп, "16" санын, ал, өрт сөндіру  құралдарынан "Jeltoqsan!" сөзін құрастырды.

Курсанттар "Біз бақыттымыз. Өйткені, біздің елімізде бейбітшілік пен келісім орнаған. Еліміздің бақыттын тербеткен Тәуелсіздік күні баршамызға құтты болсын!" -  дейді аталмыш білім орнының курсанттары.

Курсанттар ұйымдастырған ерекше құттықтау желі қолданушыларын таңдандырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КОКШЕТАУ КЗ ЛЮДИ НОВОСТИ (@kokshevideogram) 15 Дек 2018 в 8:07 PST

Соңғы жаңалықтар