Тәуелсіздік күні - кез келген мемлекеттің ең басты, ең қастерлі мерекесі - Ф.Баюканский, БҚО

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күні - кез келген мемлекеттің ең басты, ең қастерлі мерекесі. Бұл туралы көп жыл мәдениет саласында қызмет атқарған еңбек ардагері, ҚР мәдениет қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Орал қаласы Жастар мәдениет үйі жанындағы «Шабыт» балалар клубының жетекшісі Феликс Баюканский мәлім етті.

Оның айтуынша, бұл орайда біздің елімізде де тәуелсіздік мерекесінің мәні зор. Әсіресе, Қазақстан егемендік алғаннан бері оны күллі әлемге танытып, мойындатқан Елбасымыз екені анық. Қазір «Назарбаев» десеңіз, төрткүл дүниенің кез келген елінде: «О, Қазақстан!» деп, бізді тани кетеді. Көшбасшымыздың қажырлы еңбегі мен қайраткерлігінің нәтижесінде бізде өзімізге сенім мен жан дүниемізде тыныштық бар. Ертеңгі күнімізге алаңсызбыз.

«Келесі жылы Қазақ хандығының құрылғандығына 550 жыл толуына орай оған мемлекеттік деңгейде маңыз берілуінің де тәуелсіздікке тікелей қатысы бар. Өйткені қазақ ұлтының, мемлекеттігінің бастауы дәл сол тарихи кезеңнен бүгінгі күнімізге дейін жетті. Меніңше, еліміздің өзге ұлттары сияқты қазақтың да бақытты болуға толық қақы бар. Тарихи себепке байланысты 150 жылдай егемендігінен айырылған, 1991 жыл­дың 16 желтоқсанында Елбасымыз Н. Назарбаев Қазақстанның тәуелсіздігін жариялағанға дейін қазақ ұлтының көрмеген қиындығы мен шекпеген азабы жоқ. Тек өр рухының алға жетелеуімен ғана қазақтар ғасырлар бойы аңсаған арманына жетті. Енді қалғаны - сол Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтау және аялау. Сондықтан Тәуелсіздік мерекесімен ең бірінші осы елдің егесі - қазақ ұлтын және бүгінде бәрі бірге тату-тәтті өмір сүріп жатқан басқа халықтарды шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік жасасын!», деді Ф.Баюканский.

Соңғы жаңалықтар