Тәуелсіздік күні қарсаңында талдықорғандық 120 отбасы баспаналы болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күні қарсаңында талдықорғандық 120 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оларға коттеджді қалашықтан несиелік және жалдамалы баспаналардың кілттері табысталды. Осы күні қоныс тойын тойлағандар қатарында көпбалалы, аз қамтылған отбасылар, ерекше күтімді қажет ететін жандар және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары болды. Жаңа баспанаға ие болғандарды қуаныштарымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов құттықтады.

Коттеджді қалашықта жалпы көлемі 56,6 мың шаршы метрді құрайтын 620 жеке тұрғын үй салу жоспарланған. Соңғы 2 жылда соның 348-іне жаңа иелері қоныстанып үлгерді.

Биылғы жылы жоспарға сәйкес 253 коттедждің құрылысы жүргізіліп, оның 191-і пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 97 жеке тұрғын үйдің кілті табысталатын болады. Келесі жылы қалған 175 коттеджді пайдалануға беру жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар