Тәуелсіздік күні қарсаңында Шымкенттегі кеден бекеттерінің қызметкерлері марапатталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Аталған шарада еліміз үшін ұлық мереке саналатын айтулы күннің маңыздылығы сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шарада департаменттің басшысы Нұралхан Көшеров құттықтау сөз сөйлеп, бүгінгі күннің тыныштығы мен тәуелсіздіктің барлық жетістіктерін атап өтті.

«Тәуелсіздік ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Биыл тәуелсіз ел атанғанымызға 28 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде еліміз толағай табыстарға жетіп, бірнеше белестерді бағындырып үлгерді. Тұңғыш Президентіміз-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сандарлы саясатының арқасында еліміз көркейіп, қарыштап даму жолына түсті. Шымкент қаласының мегаполиске айналып, экономикалық дамуы соның бір дәлелі деп білемін»,- деді Нұралхан Көшеров.

Мерекелік жиында сондай-ақ, департаменттің басқарма және кеден бекеттерінің ерекшеленген қызметкерлері марапатталды. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқаны, үлгілі және жемісті жұмысы үшін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге орай мемлекеттік кірістер органдарының бірқатар қызметкерлеріне департаменттің және ҚР ҚМ МКК Құрмет және алғыс грамоталары табысталды.

Шара соңы Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған концерттік бағдарламамен жалғасты.

Соңғы жаңалықтар