Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақтөбе облысының үш ауданында 4G іске қосылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Кеше Алға, Қандыағаш және Хромтау аудандарының орталықтарында тұрғындар үшін төртінші ұрпақ мәліметтерін тарату қызметін қолжетімді еткен LTE желісін коммерциялық пайдалану іске қосылды.

«Бұл - «4G LTE» мәліметтерді тарату технологияларының ең заманауи базасында құрылған инновациялық өнім. Тұрғындар Ғаламтор желісіне жылдамдығы жоғары мобильді қолжетімділікті қолдану үшін ең жайлы әрі тиімді талаптарын алып, ақпаратты кез келген жерде, өздерін кеңседе немесе үйде болғандай сезінеді», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық Телекоммуникациялар дирекциясының техникалық директоры Жомарт Қасыманов.

Ақтөбеде LTE базасында құрылған Ғаламторға мобильді кең жолақты қолжетімділік қызметі 2013 жылдың соңында енгізіліп, енді облыс аудандарына дейін жетті. Бұл қызметке қосылу тегін жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар