+7 (701) 759 90 19
USD 376.42 EUR 417.41
RUB 6.09 CNY 54.54
Jańalyqtar

Тәуелсіздік күні қарсаңында 42 әскери қызметші марапатталды

2019 жылғы 15 желтоқсан 14:44
Бөлісіңіз:
Тәуелсіздік күні қарсаңында 42 әскери қызметші марапатталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарт - Еліміздің басты мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Қорғаныс министрлігінде салтанатты жиын өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

28 жыл бұрын Қазақстан егеменді даму жолын бастады. Осы жылдар ішінде елде елеулі мемлекеттік өзгерістер болды. Елдің қарқынды дамуының маңызды факторы Қарулы Күштер болды. Бүгінде олар еліміздің егемендігі мен мемлекеттің аумақтық тұтастығын қорғауда.

Тәуелсіздік күніне орай ҚР Президентінің Жарлығымен 42 әскери қызметші әскери борышын үлгілі атқарғаны, батылдығы мен қайсарлығы үшін мемлекеттік наградалар мен грамоталар табыс етілді. Осындай сандағы әскери қызметшілер алғаш рет марапатталды. Марапатқа сондай-ақ Арыс қаласындағы төтенше жағдайлар салдарын жоюға қатысқандарда ұсынылды. Бір күнде де тоқтатылмаған жұмыстар барысында әскери қызметшілер жоғары кәсібилік танытты, іс жүзінде тәуекелмен ұштасқан әскери жағдайларда жұмыс істеді. Марапатталғандардың ішінде қаза болған майор Аманжол Ақышев бар.

Сонымен қатар, Қарулы Күштердің барлық әскери бөлімдері мен құрамаларында салтанатты іс-шаралар өтіп, үздік әскери қызметшілер марапатталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT