Тәуелсіздік күні: Екібастұзда балаларға сыйлыққа коньки берілді

None
None
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күніне орай Екібастұз қаласының «Шахтер» Мәдениет және демалыс саябағында жетім және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған «Коньки сыйла!» акциясы өтті.  Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісі хабарлайды.

«12 балаға сыйлыққа коньки берілді», - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

Акцияға Екібастұз қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов, мәслихат депутаттары, сондай-ақ палуан, «Павлодар барысы» атағының иегері Әділет Нүрпейісов және «Екібастұз» футбол клубының директоры Мирхат Мұсанап қатысты.
null 

Соңғы жаңалықтар