Тәуелсіздік күні атыраулықтарға мемлекеттік наградалар табыс етілді

None
None
АТЫРАУ. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Тәуелсіздік күні мерекесінің құрметіне Елбасының Жарлығымен бір топ атыраулық мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Марапаттау рәсімі Махамбет атындағы облыстық драмалық театрда өтті. Облыстың құрметті азаматтарына ордендерді, медальдар мен Құрмет грамоталарын Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев табыс етті.

«ҚазМұнайГаз» Барлау.Өндіру» акционерлік қоғамының бас директоры Кенжебек Ибрашев «Парасат» орденімен марапатталды. Тағы 10 адам «Құрмет» орденімен атап өтілді. Олардың қатарында облыс әкімінің бірінші орынбасары Болат Дәукенов, Атырау облыстық мәслихатының хатшысы Жалғас Дүйсенғалиев, «Аджип ККО» компаниясының менеджері Серік Идранов, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Алтай Қазмағамбетов, Мұнай және газ институтының инновациялық жобалар және өндірістік қызмет техника-экономикалық орталығының директоры Текей Қарамырзаев, «Атырау-Жарық» компаниясының бірінші вице-президенті Сүндет Кенжеғалиев, т.б. бар.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен - 8 атыраулық, «Шапағат» медалімен - 3 азамат марапатталды. Тағы бірқатар атыраулыққа «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді, Құрмет грамоталары табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар