Тәуелсіздік қарсаңында ақтаулықтар баспаналы болды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Ақтау қаласындағы 20 шағын ауданда көпқабатты тұрғын үй кешені пайдалануға берілді.

Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов қатысып, бір топ азаматқа жаңа пәтерлердің кілтін табыстады.

Жалдамалы баспана алғандардың қатарында түрлі санаттағы тұрғындар адамдар бар. Республикалық бюджет қаражатына сатып алынған 268 пәтер тұрғындарға арендалық баспана беру ережесіне сәйкес, жекешелендіру құқығынсыз беріледі.

«ҚР Тұңғыш президенті, Елбасы Н.Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» керектігін басып айтқан болатын. Осы орайда Маңғыстау облысында қарқынды жұмыс атқарылып жатыр. Ақтау қаласы - тұрғын үй құрылысы бойынша Республикада көш бастап тұрған қалалардың қатарында. Мәселен, қалада 2017 жылы 380,3 мың шаршы метрді құрайтын, 51 көп қабатты тұрғын үй қолданысқа берілсе, 2018 жылы 661,5 мың шаршы метрді құрайтын, 61 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілген. 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айында 448,4 мың шаршы метр, яғни 2 849 пәтер пайдалануға берілді. Сонымен қатар, жеке қаражат есебінен биыл жыл соңына дейін тағы 72, 2 мың шаршы метр, қолданысқа беріледі«, - деді облыс әкімі Серікбай Трұмов.

Бүгінгі таңда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 19А шағынауданында 144​ пәтерлік 2 арендалық тұрғын үй, «Аққу-3» шағынауданынан 670 пәтерлік несиелік тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Бұл үйлерді 2020 жылдың аяғында пайдалануға беру жоспарланған.

Сонымен қатар, 2020 жылы 19А шағынауданынан 225 пәтерлік бес тұрғын үй, 18 шағынауданнан 216 пәтерлік төрт тұрғын үй салынады деп болжанып отыр.

Соңғы жаңалықтар