Тәуелсіздік - халықтың ғасырлар бойы аңсап, орындалған арманы - Атырау облысының әкімі

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік - тағдыр сыйлаған сыйлық қана емес, бұл - халықтың ғасырлар бойы аңсап, орындалған арманы.

Еркіндік бақытын толықтай бағалап, бастан кешіру бақытына кеңеле алмаған ұлттар бар. Тәуелсіздік пен еркіндікке әлемдегі әрбір он бесінші ұлыс ғана ие, деді Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиын кезінде.

Жиналғандарды еліміздің басты мерекесімен құттықтаған аймақ басшысы Тәуелсіздік күні - ең жарқын және ерекше айтулы мереке екенін атап өтті.

«Бұл үлкен тарихи маңыздылығы бар оқиға. Ата-бабаларымыздың үміттері ақталып, армандары орындалған Ұлы күн. Елбасымыздың халықты жасампаз еңбек, бірлік пен өзара түсіністікке жұмылдырған саяси даналығы мен ерігінің арқасында ғана біз өтпелі кезеңнің ауырлықтары мен қиындықтарына мойымай, мемлекеттілігімізді қалыптастырдық», - деп атап өтті Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Жиында облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлес қосқан атыраулық азаматтардың бір тобына мемлекеттік ордендер мен медальдарды табыс етті.

Соңғы жаңалықтар