Тәуелсіздік - азаттыққа ұмтылған халқымыздың қайсарлығы мен намысының жемісі - Амандық Баталов

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесін талдықорғандықтар «Жастар» саябағында атап өтуде. Салтанатты жиынға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов және қала әкімі Бағдат Қарасаев қатысты. Жетісулықтарды еліміздің ең қасиетті мерекесімен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов құттықтады.

null
«Біз бүгінде әлем танитын, төрткіл дүниемен терезесі тең Тәуелсіз мемлекетпіз. Тәуелсіздік - азаттыққа ұмтылған халқымыздың қайсарлығы мен намысының жемісі. Біз татулық пен бірліктің нәтижесінде өркениет көшіне бірте-бірте қадам жасап келеміз. Тәуелсіздігіміз біздің ең басты құндылығымыз. Оны қорғау біздің ең қасиетті борышымыз!» деп атап өтті өңір басшысы өз құттықтауында.

null  

Айта кету керек, мерекелік шараны шаһар жұртшылығы сəн-салтанатпен атап өтуде. «Жастар» саябағына кіре берісте спорттық үйірмелер түрлі жарыстар өткізсе, оларға қарсы алаңқайда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне қатысты сұрақ-жауап сайысы ұйымдастырылды. Ал, сахнаға дейінгі аралыққа Ел Егемендігіне арналған қылқалам шеберлерінің көркемсурет көрмесі қойылған. Негізгі шара Жастар паркінің орталық алаңында өтті. Мұнда қаланың өнер ұжымдары көрермендерге Тәуелсіздігіміз бен тарихымызды байланыстырып, сахналық қойылым ұсынды. 

null  

Салтанатты жиын соңы патриоттық әндер шырқалған мерекелік концертке ұласты. Қала жұртшылығына  «Талдықорған әуендері» ансамбілі,  Мирас пен Құралай және «Лашын» тобы секілді эстрада жұлдыздары өз өнерлерін ұсынды.

Соңғы жаңалықтар