Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті күшейтуде айқын үлесін қосуда - Елбасы

None
None
АСТАНА. Желтоқсанның  22-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -  Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті күшейтуде айқын үлесін қосуда.

 Бұл туралы бүгін  Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі тіркелген дипломатиялық корпустың өкілдерімен кездесу кезінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің ел ядролық қарусызданумен, оны таратпауға бағытталған халықаралық ауқымды ынтымақтастығының белсенді қатысушысы болды және болады да», деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Елбасы тамыздың 29-ы - Семей ядролық полигонының жабылу күнін ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні ретінде белгілеу мәселесі ұсынылғанын еске салып өтті. Осыған байланысты Президент БҰҰ Бас Ассамблеясы еліміздің осы ұсынысын қолдауға негізделген тиісті қарар  қабылдағанына ерекше құрметпен қарайтынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар