+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Тәуелсіздік алдындағы демографиялық дағдарысты еңсердік - Мемлекет басшысы

2019 жылғы 12 желтоқсан 14:51
Бөлісіңіз:
Тәуелсіздік алдындағы демографиялық дағдарысты еңсердік - Мемлекет басшысы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тәуелсіздіктен асқан құндылық жоқ, оны қадірлеу баршамыздың қасиетті борышымыз. Бұл туралы бүгін Ақордада бірқатар азаматқа мемлекеттік наградаларды тапсыру барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы: Карантин режимін қатаң сақтау – баршамызға ортақ міндет Коронавирус: ҚР Президенті елордада Шұғыл әрекет ету орталығына барды Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

«Тұңғыш рет халқымыз өз тағдырына ие болды. Бүгінде азаматтарымыз өзінің және мемлекетіміздің болашағына нық сеніммен қарайды. Еліміз сан қилы тарих зұлматтарын өткеріп, еңсесін тіктеді. Әлем қоғамдастығына нық қадам басты. Халық саны 2 миллионға көбейіп, Тәуелсіздік алдындағы демографиялық дағдарысты еңсердік. Қазір біз 18,5 миллионнан астық. Мемлекетіміздің даму бағдарын өзіміз айқындау мүмкіндігін алдық», - деді Қ.Тоқаев.

Мемлекет басшысы бүгінде еліміздің жаңғыру үрдісін Қазақстан жолы деп айтатындығына назар аудартты.

«Осындай ауқымды өзгерістерге Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы және көшбасшы болды. Жаһан жұртшылығы Елбасымызды әлемдік деңгейдегі тарихи тұлға ретінде мойындады. Барлық салада толайым табысқа кенелдік деп күмәнсіз айтуға болады. Мұны бүгінгі буын және келер ұрпақ бағалауы керек. «Бейнет көрмей дәулет жоқ» деп хәкім Абай айтқандай, біз бұған оңайлықпен жеткен жоқпыз. Сондықтан бұл мереке бүкіл халқымызға ортақ тәубенің тойы, мәртебенің мерекесі. Тәуелсіздіктен асқан құндылық жоқ. Оны қадірлеу баршамыздың қасиетті борышымыз», - деді Қазақстан Президенті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT