+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Тәуелсіздігіміздің бәрімізге артар міндеті мол - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев

2009 жылғы 15 желтоқсан 17:15
Бөлісіңіз:
Тәуелсіздігіміздің бәрімізге артар міндеті мол - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев

АСТАНА. Желтоқсанның 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанадағы «Қазақстан» Орталық киноконцерт залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен республиканың Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара өтуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тәуелсіздігіміздің бәрімізге артар міндеті мол. Дүниеде Қазақстан Республикасы деген жаңа мемлекет пайда болды. Лайым алдымыздан жарылқасын деп бәріміз тілеп едік, сол тілегіміз орындалды», деді Елбасы.

Қазақстан тәуелсіздік жолына қатар түскен өзі теңдес елдердің арасында көптеген көрсеткіштер бойынша көшбасшы мемлекетке айналғанына тоқталған Президент, еліміздің ішкі жалпы өнімінің мөлшері Орталық Азия мемлекеттерінің барлығын қосқанда асып түскенін айтып өтті. Елбасы Қазақстандағы тұтыну тауарларының қамтамасыз етілуі осы жылдар ішінде 5 есеге өскенін, сондай-ақ еліміздегі тұрғын үй қоры соңғы 10 жылдың ішінде 30 млн. шаршы метрге өскенін жеткізді. «Осының бәрі, сол айтқан тілегіміздің орындалғаны емес пе?», деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы бүгінде Қазақстанда жүзден астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатқанын атап өтті. «Қазақстан бүкіл бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдер арасында, бүкіл түркітілдес мемлекеттер арасында, бүкіл мұсылман елдері арасында 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға тұңғыш төрағалық етеді», деді Н. Назарбаев.

«Тәуелсіздіктің таңсәрі шағында мұндай саны аз, оның ішінде қазақтары елдің жартысына да жетпейтін халық осыншама жерді игере алмайды дегендердің сәуегейлігі ақталған жоқ», деді Елбасы.

Президент іргелі ел болуымыз бірліктің арқасында болғанын айта келе, сол кезеңде Қазақстан тәуелсіздігін қолдаған, туған еліміздің өркендеуіне жағдай жасаған барша қазақстандықтарға алғысын білдірді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT