Тәуелсіз сот-сараптама қызметі заңнамалық деңгейде жетіле түседі

None
None
АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Онда «Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда талқыланды.

Заң жобасының мақсаты тәуелсіз және объективті сот-сараптама қызметін жүзеге асыру жөніндегі заңнаманы жетілдіру болып табылады. Сонымен қатар, заң жобасы қолданыстағы заңнаманың ішкі қайшылықтарын жоюды, оны басқа да нормативтік-құқықтық актілермен сәйкес келтіруді, сот-сараптама қызметін құқықтық реттеудегі олқылықтардың орнын толтыруды көздейді.

Бұдан бөлек, заң жобасының тұжырымдамалық жаңалығы сот-сараптама саласында бәсекелестік ортаны кеңейтудегі оң үдерістерді жеке сот-сараптама институтын дамыту арқылы тереңдету болып табылады. Атап айтқанда, білікті қызметкерлердің жеке сот сарапшысы мамандығына қол жеткізуіне кедергі болатын әкімшілік тосқауылдар жойылады. Сонымен бірге, жеке тұлғаның лицензия алуының міндетті шарты ретінде сот-сараптамасы органдарында 5 жыл лауазымда жұмыс өтілінің болу қажеттілігі туралы талаптар алынып тасталады.

Комитет заң жобасын алдағы уақытта өтетін палатаның жалпы отырысына шығару туралы шешімге келді.

Соңғы жаңалықтар