Тәуелсіз сарапшылардың тізілімі Қазақстанда қалай жасалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу тізілімінің сарапшысы, философия ғылымдарының кандидаты Светлана Арыстамбекова аталмыш тізілімнің қалай әзірленетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тәуелсіз сарапшылардың тізілімін қалыптастыру тұрғысынан айтарлықтай айқын ұстанымға ие екенін көріп отырмыз. Бұл дегеніміз, біріншіден, қажетті құзыретке ие, екіншіден, сыбайлас жемқорлыққа және басқа да қылмыстық, әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған барлық адамдар осы тізілімге кіре алады дегенді білдіреді. Сонымен қатар, сарапшылар ғылыми тұрғыда сауатты, зерттеу тілі, лингвистикалық, терминологиялық аппаратты меңгерген болуы қажет», - деді Светлана Арыстамбаева «АнтикорLive» жобасында.

Ол сарапшыларды іріктеу процесіне де тоқталып өтті.

«Бізде сарапшыларды іріктеу процедурасы өте жақсы ойластырылған және ұйымдастырылған. Парламентаризм қоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың сапасын қамтамасыз ету үшін көптеген дайындық жұмысын жүргізді. Бүгінгі күні сарапшының жұмысы ұйымдастырушылық және құрылымдық тұрғыдан жеңілдетілген, өйткені бізде «Сараптама» қосымшасы бар. Бұл сарапшыларға өзіне қатысы жоқ нәрсеге терең үңілуге мүмкіндік бермейді», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар