«Тәуелсіз Қазақстан» пойызындағы мамандар 7 мыңнан аса адамның мәселесін шешті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - «Тәуелсіз Қазақстан» пойызындағы мамандар 7 мыңнан аса адамның мәселесін шешті. Бұл жөнінде бүгін Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар орталығы ұйымдастырған брифингте пойыз штабының жетекшісі Әміржан Әлпейісов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Штаб жетекшісінің айтуынша, жалпы жеке мәселемен бүгінгі күнге дейін 8254 адам келген. Олардың 7 мыңнан астамының проблемасы оң шешімін тапты.   

Құрамында 271 өкілі бар «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы  қазір Талдықорған қаласында. Мамандар түрлі сала бойынша әр мекемеде жергілікті тұрғындарға кеңес беріп, қызмет көрсетуде. Екі сағаттың ішінде 100-ден аса адам медициналық қабылдауда болған. Ал пойыз өз жұмысын 1   қарашадан бастады. Осы аралықта  11 мыңнан астам халыққа  медициналық қызмет көрсетілді. Тұрғындар әр түрлі сұрақтармен келуде. Әсіресе баспана мәселесі өзекті.

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы жоспар бойынша Алматы облысында 13 желтоқсанға дейін болады. Кеше Панфилов ауданының Алтынкөл  стансасында тоқтады. Ол жерде 400-ден аса халық астаналық дәрігерлердің медициналық тексеруінен өтті. Сондай-ақ өңірдің  Ақсу, Кербұлақ, Алакөл аудандарымен қатар Қапшағай қаласына барады. Ал 14-і күні пойыз сапары Алматыға аттанады.   

Соңғы жаңалықтар