+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Тәуелсіз бақылаушылар Қарағанды облысындағы ауыл әкімдерінің сайлауын бақылайтын болады

2021 жылғы 23 шілде 18:00
Бөлісіңіз:
Тәуелсіз бақылаушылар Қарағанды облысындағы ауыл әкімдерінің сайлауын бақылайтын болады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысындағы партиялық емес бақылау орталығының аймақтық филиалы 500-ге жуық тәуелсіз бақылаушы дайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Тағы 21 ауылда әкім сайланды Елордада Есіл өзені мен оның салалары тазартылып жатыр Алматы облысының Шұбар ауылдық округіндегі әкім сайлауында 88 жастағы қария дауыс берді

25 шілде, ауыл әкімдерін сайлау күні олар сайлау учаскелерінде болады және дауыс беру процесін, нәтижелердің жүргізілуін қадағалайды.

«Елімізде алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді. Сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын бақылау үшін өңірлердегі филиалдарымен «Партиялық емес бақылау орталығы« республикалық қоғамдық бірлестігі құрылды. Қарағанды облысында 500-ге жуық тәуелсіз бақылаушыны оқыту ұйымдастырылды», – дейді партиялық емес бақылау орталығының облыстық филиалының төрағасы Сұлтан Шәймағанбет.

Ол тәуелсіз бақылаушылар сайлауды әділ және ашық өткізуге өз үлестерін қосатынына сенім білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында ауыл әкімдерінің алғашқы сайлауы 25 шілдеде 149 елді мекенде өтеді. 75 орынға 268 үміткер үміткер: 81 – саяси партиядан және 187 өзін-өзі ұсынған. Болашақ ауыл басшысына 81 мыңнан астам сайлаушы дауыс бере алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT