Таудан секірген экстремалдар: Әуедегі ұшаққа қалай кірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Экстремалды спорт шеберлері биіктігі 4000 метрден асатын шыңнан секіріп, ұшып бара жатқан ұшақтың ішіне кіріп кеткен. Осы сәт түсірілген видео YouTube видеохостингісінде жарияланды.

Ұшуға арналған киім - вингсьют киген Фред Фюген және Винс Реффет есімді франциялық экстремалдар Швейцария Альпісінің Юнгфрау шыңынан секірген. «Жарқанат адамдар» 4062 метр биіктіктен старт алған. Олар сағатына 137-138 км жылдамдықпен ұшып келе жатқан ұшақтың ішіне сәтті «қонады». Видео күніне миллиондаған қаралым жинауда.

Спортшылардың айтуынша, олар осы трюкты орындау үшін Испанияда жүздеген жаттығуларды өткізуіне тура келген. 

Соңғы жаңалықтар