Тауда жоғалған жеті жасар бала әлі табылған жоқ
2018 жылғы 19 шілде 12:28

Тауда жоғалған жеті жасар бала әлі табылған жоқ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында тауда жоғалып кеткен 7 жасар баланы 100-ден астам адам әлі іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұған дейін 60 адам бөлінген болатын. Қазір іздеу шараларына тағы 50 адам қосылды. Жалпы алғанда баланы табу үшін 115 адам тау-тасты кезіп жүр. Олардың ішінде құтқарушылар, полиция, әскери қызметшілер, шекарашылар, жергілікті тұрғындар бар. Олар 22 шақырым радиустағы жердің бәрін тінтіп шықты. Іздеушілер балалар қашқан жерден бастап барлық тау-тасты, құз-жарларды қарап шықты», - деді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Шөптің қалыңдығы толассыз жауған жауын иісшіл иттердің жұмысына кедергі келтіруде.

Еске сала кетсек, Алматы облысының Жамбыл ауданында жоғалып кеткен баланы құтқарушылар 14 шілдеден бері іздестіруде. 2011 жылы туған Ернұр Сәдуақас Ынтымақ ауылынан оңтүстік қапталдағы «Кіші саз» жайылымына бара жатқан жолда таулы аумақта жоғалған. 7 жастағы Ернұрмен бірге үлкенді-кішілі 5 бала жолға шыққан. Қазір балалардың барлығы ауылда. Тек Ернұр ғана оралмады.

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT