+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Тауда жоғалған турист қыздың төмен түсіп келе жатқанын көрген адамдар бар

2019 жылғы 15 қараша 12:55
Бөлісіңіз:
Тауда жоғалған турист қыздың төмен түсіп келе жатқанын көрген адамдар бар

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда тауда жоғалған турист қызды іздестіруге Алматы қалалық құтқару қызметінің алпинистері қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Қазақалтын» Степногорск көпсалалы ауруханасына қолдау көрсетті Қытайда «Хагупит» тайфуны салдарынан жүздеген мың адам қауіпсіз жерге шығарылды Түркістанда «Turkistan bike» станциялары қайта іске қосылды

«Іздестіру тобына 8 альпинист пен 2 кинологиялық команда қосылды. Бұған қосымша Құтқару қызметінің тікұшағы да көтерілді. Туристі іздестіруге барлығы 22 адам мен 4 із кесуші ит жұмылдырылды», - деді ҚР ІІМ ТЖК Республикалық жедел құтқару жасағынан.

Республикалық жедел құтқару жасағының хабарлауынша, мұның алдында қыздың Космостанция ауданында 9 қарашада сағат 13:00-дер шамасында таудан түсіп келе жатқанын көрген куәгерлер бар. Одан кейін полиция қыздың телефоны арқылы қаланың әр бұрышынан телефон қоңыраулары жасалғанын анықтады.

Еске салайық, бойжеткеннің жоғалғаны туралы 10 қараша күні белгілі болды. Ол тау туризмімен айналысып жүрген. 9 қараша сағат 13:00 шамасында ол Үлкен Алматы (Жосалы) көлінде түскен фотосын әлеуметтік желіге жариялаған.

Одан кейін байланысқа шықпаған. Бұған дейін жүргізілген іздестіру жұмыстары қыздың туыстарының өтініші бойынша тоқтатылған болатын.

Бірақ кейін Ә.Панарғалиеваның жақындары іздестіруді жалғастыруды қайта сұрады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT