Тауда жоғалған 7 жасар бала тікұшақпен іздестірілуде

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында тауда жоғалып кеткен 7 жасар баланы іздеуге тікұшақ қызметі жұмылдырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап хабарлайды.
«Іздестіру жұмыстары әлі жүріп жатыр. Өкінішке орай, басқа жаңалық жоқ. Бастапқыда тікұшақпен іздестіру жұмыстары жүргізілген болатын. Бүгін бұл қызметті қайта іске қостық. Тікұшақ сағат 10.10-да ұшырылды, іздеу жұмыстары қараңғы түскенше жалғасады. Нәтиже болмайынша іздеуді тоқтатпаймыз», - деді Руслан Иманқұлов.
Еске сала кетсек, Алматы облысының Жамбыл ауданында жоғалып кеткен баланы құтқарушылар 14 шілдеден бері іздестіруде.
2011 жылы туған Ернұр Сәдуақас Ынтымақ ауылынан оңтүстік қапталдағы «Кіші саз» жайылымына бара жатқан жолда таулы аумақта жоғалған.
7 жастағы Ернұрмен бірге үлкенді-кішілі 5 бала жолға шыққан. Қазір балалардың барлығы ауылда. Тек Ернұр ғана оралмады.
- Ақмола облысында Түркия азаматы көлігімен локомотивке соғылды
- Британияда жүк көлігінде тұншығып өлген 39 мигранттың қазасына кінәлі 4 адам сотталды
- Петропавлда 3 жасар қызын өлімші етіп сабаған 22 жастағы келіншек қамауға алынды
- Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы бірқатар жол жабылды
-
Оралда тергеу изоляторының қызметкері екі адамды өрттен құтқарды
-
Қапшағай көлінде дауыл кезінде жағаға жете алмаған балықшылар құтқарылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам