Тауары ҚХР-мен шекарада тұрып қалған кәсіпкерлер үшін жедел желі қосылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Қытаймен шекараның жабылуына байланысты қазақстандық бизнесмендер үшін жедел желі ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дағдарысты жағдайларды болдырмау үшін Қытаймен жұмыс істейтін кәсіпкерлер, егер олардың жүгі, тауары немесе шикізаты ҚХР-мен шекарада тұрса, сыртқы сауда палатасына сұраныспен жүгіне алады.

Жедел желі кәсіпкерлердің өтініштерін есепке алу және ден қою, сондай-ақ оларға қажетті көмек көрсету үшін жұмыс істейтін болады. Кәсіпкерлер палатасының call-орталығына 1432 нөмірі бойынша немесе WhatsApp (+7 707 909 0152) нөміріне хабарласуға, сондай-ақ [email protected] электрондық поштасына жазуға болады. Жұмыс күндері өтініштерді қабылдау 9:00-ден 19:00-ге дейін жүргізіледі.

Жедел желі сондай-ақ ҚХР-да импорттық-экспорттық операциялар бойынша форс-мажор жағдайларының болу-болмауына байланысты сұрау салулар үшін пайдаланылатын болады.

Сондай-ақ, кәсіпорындарға көмек көрсету мақсатында Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы өңір кәсіпорындарының қызметіне коронавирустың әсері туралы мәліметтерді әзірлеуде. Сұраныстарға қатысты нәтижелі жұмыс жасалуы үшін Қарағанды облысының Қәсіпкерлер палатасының өкілдері міндетті түрде өтініште: аты-жөні, компанияның атауы, кәсіпорынның тікелей залал сомасы, кәсіпорын пайдасын және байланыс деректерін көрсетуді сұрайды. Ақпарат мына электрондық мекенжай бойынша қабылданады: [email protected], байланыс телефоны 8 (7212) 506-411.

Соңғы жаңалықтар