Тауарлы газдың бөлшек сауда нарығын демонополизациялау басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің тауарлы газды бөлшек саудада сату нарығын демонополизациялау басталды. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тауарлық газды бөлшек саудада сату нарығында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-тың бөлшек саудадағы басым құқығын тәуелсіз газ таратушы ұйымдарға беру арқылы нарықты демонополизациялау басталды. Айталық, бүгінде жеке операторлардың үлесі 16 пайызға жетіп отыр. Тәуелсіз газ таратушы ұйымдардың жеке инвестициясын тарту арқылы «Газдандырудың бас сызбасын» жүзеге асыру жалғасады. Аталған шара мемлекеттің тауарлық газды бөлшек сауда нарығындағы басымдыққа ие ықпалын кезең-кезеңімен төмендетіп, бәсекеленің артуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында.

Сонымен қатар Премьер-Министр «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ашықтығын арттыру, сатып алудағы шығындарын оңтайландыру жұмысы жалғасып жатқанын атап өтеді.

Бұған дейін Әлихан Смайылов жауабында Ресей тарапы Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру нұсқасын қарауға дайын екенін айтқанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар