Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды енгізу мерзімдері ауыстырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды енгізу мерзімдері ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 «Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ Ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Қаржы министрінің 2020 жылғы 14 қазандағы № 1006 бұйрығымен тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды енгізу мерзімдері мынадай түрде ауыстырылды:

2021 жылғы 1 наурыздан бастап: этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің өндірісіне және айналымына; мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруге және олардың айналымына; темекі өнімдерін өндіруге және олардың айналымына; Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларға; Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларға;

2021 жылғы 1 мамырдан бастап: ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары және атауы ДСҰ тауарларының тізбесіне енгізілген және олар бойынша ЭШФ «Виртуалды қойма» модулі арқылы жазылатын тауарларға;

2021 жылғы 1 шілдеден бастап: ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы ДСҰ тауарларының тізбесіне енгізілген тауарларға; таңбалауға жататын тауарларға.

Еске сала кетсек, аталмыш комитет тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жоба 1 қарашадан бастап іске қосылатынын хабарлаған.

Соңғы жаңалықтар