Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды енгізу мәселелерін талқыланады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 14 сәуірде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды енгізу мәселелерін талқыланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік кірістер комитеті 14 сәуір сағат 15.00-де МКК төрағасының орынбасары Ж.Д. Іңкәрбаевтың және бағдарламаны әзірлеушінің қатысуымен тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) енгізу мәселелерін талқылау үшін ZOOM арқылы онлайн-конференцияны өткізу жоспарланғанын хабарлайды.

Күн тәртібінде: әдіснамалық, техникалық және өзге де проблемаларды талқылау. Негізгі жағдайлар мен кейстерді «ЭШФ» АЖ-де көрсету арқылы талдау.

Бизнес-қауымдастықтар мен ұйымдардың, саяси партиялардың өкілдерін, кәсіпкерлерді, блогерлерді, қоғам қайраткерлерін және басқа да мүдделі тұлғаларды белсенді қатысуға шақырамыз.

Бірлескен талқылаулардың нәтижелері бойынша ТІЖ ресімдеу жөніндегі тиісті бұйрыққа өзгерістер енгізілген жаңа пакет қалыптастырылатын болады.

«13.04.2021ж. дейін Sntisesf@gmail.com электрондық мекенжайы бойынша онлайн-конференцияға тіркелуіңізге және қатысуыңызды растауыңызға болады», - деді комитеттен.


Соңғы жаңалықтар