+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Тауарларды таңбалау кезінде әлеуметтік маңыздағы өнімдер құны өспейді

2019 жылғы 22 қаңтар 17:41
Бөлісіңіз:
Тауарларды таңбалау кезінде әлеуметтік маңыздағы өнімдер құны өспейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенатта «Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Келісімге 2018 жылғы 2 ақпанда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында Алматы қаласында қол қойылған болатын.

Келісімнің негізгі мақсаты - Еуразиялық экономикалық одақта тауарлардың заңды айналымын, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды және оларды жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алуды қамтамасыз ету үшін тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау саласында келісілген, үйлестірілген саясат жүргізу.

Құжат таңбаланатын тауарлардың айналымына бақылауды жүзеге асыру жолымен көлеңкелі экономиканың көлемін қысқартуға және бюджетке салық түсімдерін ұлғайтуға бағытталған.

Отырыс барысында сенаторлар таңбалау шаралары аясындағы қосымша шығындар тауар бағасына қаншалықты әсер ететінін сұрады.

«Бұл мәселеде барлық мүдделі мемлекеттік органдармен тиісті тұжырымдаманы пысықтадық. Біріншіден, әлеуметтік маңыздағы тауарлар, оның ішінде дәрі-дәрмектің кейбір түрлері таңбаланады. Осы орайда оның құны (таңбалау құны) өнімнің соңғы бағасына әсер етпейді. Бұл тұрғыда шығыстар операторға жүктеледі. Яғни, бізде бірнеше қадамдар ескерілген», - деп тоқталды ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев Парламент Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, дәрі-дәрмек өндірушілердің көбісінде таңбалауға қажетті жабдықтар бар. Бұл ретте қосымша қаржы шығыны болмайды. Сәйкесінше, таңбалау шаралары аталған өндірушілер тауарлары құнына әсер етпейді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, аталған заң жобасы талқылау кезінде Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин тауарларды таңбалауды енгізу барысында өнім бағасының өсіміне жол бермеу керектігін айтқан болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT