+7 (701) 759 90 19
USD 389.52 EUR 429.21
RUB 6.07 CNY 54.94
Jańalyqtar

Тауарларды таңбалау қандай нәтиже береді

2019 жылғы 14 ақпан 14:58
Бөлісіңіз:
Тауарларды таңбалау қандай нәтиже береді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының жалпы отырысында «Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Келісімге Алматы қаласында 2018 жылдың 2 ақпанында қол қойылды.

«Келісімнің негізгі мақсаттары тауарлар айналымының заңдылығын қамтамасыз ету, тұтынушылардың құқығын қорғау, көлеңкелі экономиканы азайту, бюджетке салықтардың түсімін арттыру, одақ ауқымында бизнесті жүргізудегі бәсекелестік шарттарын теңестіру болып табылады. Келісімнің ережесі таңбалау енгізудің тәртібі мен мерзімін белгілеуді, тауарға сәйкестендіру құралдарының және оларды тауарларға желімдеудің бірыңғай талаптарын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер арасында таңбаланған тауарлар туралы берілетін мәліметтердің құрылымы мен құрамын реттейді», - деді ҚР Қаржы вице-министрі Қанат Баеділов.

Атап айтқанда, келісім бойынша Кедендік одақ аумағына әкелінген және одақ аумағында өндірілген тауарлар таңбалауға жатады. Бұл ретте, тауарларды Кедендік одақ аумағынан тысқары жерлерде де таңбалауға рұқсат етіледі. Таңбаланатын тауарлардың тізбесі одаққа кіретін елдердің ұсынысы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесімен бірауыздан бекітіледі. Ол үшін таңбалау енгізудің мақсатқа сай екендігі туралы толық талдау ұсыну қажет.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, кейбір жағдайларда тауарлар таңбалауға жатпайды. Мысалы, өндірілген тауарларды Одақтың кедендік аумағынан сыртқа шығарған жағдайда және жеке тұлғалардың өз қажеттілігі үшін әкелген тауарларды таңбалаудың қажеті жоқ.

«Айта кеткен жөн, бүгінгі таңда таңбалау институты әлемнің көптеген дамыған елдерінде қалыпты жағдайда қолданылуда. Тауарлардың әрбір бірлігін таңбалау, оны импорттаушыдан және өндірушіден бастап соңғы тұтынушыға дейін қадағалау экономиканы цифрландырудың тиімді құралдарының бірі болады. Келісімді іске асыру республикалық бюджеттен қаржы шығаруды қажет етпейді», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT