Тауарларды кедергісіз өткізу үшін пара алған кеденшілер күдікке ілінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында кеден органдарының қызметкерлері пара алу фактісі бойынша күдікке ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Қуаныш Жапақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сонымен қоса, тұрғындарды халық тұтынатын тауарлармен қамтамасыз етумен байланысты кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру фактілері де бар. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кеден органдарының бірқатар лауазымды тұлғаларын әшкереледі. Олар алдын ала келісу арқылы бақылау-өткізу бекеті арқылы халық тұтынатын тауарларды кедергісіз өткізу үшін кәсіпкерлерден бірнеше рет жүйелі түрде пара алған», - деді Қ. Жапақов онлайн брифингі барысында.

Бұдан бөлек, төтенше жағдай кезінде Семей қаласында жүруге көліктерге 5 арнайы рұқсат беру үшін 25 мың теңге көлемінде пара алған «Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ-нің бас маманы әшкереленді.


Соңғы жаңалықтар