Тауарлар өндіру мен қызмет көрсету секторында көрсеткіш жақсарды – Ұлттық банк

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалин кәсіпорындар мониторингінің жыл басынан бергі нәтижесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сауалнамаға 3 334 кәсіпорын қатысты, олардың ішінде 1576-сы ірі және орташа кәсіпорын болды. Мониторинг нәтижесі нақты секторда экономикалық белсенділіктің оң динамикасы жалғасып келе жатқанын көрсетті, ол дайын өнімге сұраныс ұлғаюына және оның бағасы өсуіне негізделді», - деді Рүстем Оразалин.

Яғни, биылғы бірінше тоқсанда дайын өнімге сұраныс біршама ұлғайды. Диффузионды индекс 52-ден 53,1-ге дейін өсті. Тауарлар өндіру мен қызмет көрсету секторында көрсеткіш жақсарғаны байқалады.

Департамент директоры баға тау-кен және өңдеу өнеркәсібінде өскенін атап өткен.

«Бұрынғыдай, кәсіпорындар Қазақстан экономикасының жай-күйі бизнесті жүргізудегі негізгі кедергі деп санайды. Бұл жөнінде сауалнамаға қатысқан кәсіпорындардың 38,4%-ы мәлімдеді. Басқа кедергілер бәсекелестік (28,9%); сатып алушыларды іздестіру (22,6%); салық деңгейі (21,9%); білікті мамандардың жетіспеуі (20,0%) болып отыр. Маңыздылығы жағынан қаржыландыруға қолжетімділік 8-орында (12,5%) тұр», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар