+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Тауарлар мен қызмет көрсетулердің үштен екі бөлігіне жуығы Жамбыл облысы кәсіпорындарының еншісінде (ФОТО)

2015 жылғы 5 ақпан 08:47
Бөлісіңіз:
Тауарлар мен қызмет көрсетулердің  үштен екі бөлігіне жуығы Жамбыл облысы кәсіпорындарының еншісінде (ФОТО)

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл өнеркәсібінің өткен жылғы жұмысының алдын ала қорытындылары бойынша, аймақта тауарларды сатып алудың, мемлекеттік мекемелер мен жүйе құраушы кәсіпорындардың жұмыстары мен қызмет көрсетулерінің жергілікті үлесінің мақсатты индикаторының деңгейіне қол жеткізілді.

Бұл туралы ақпарат Таразда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен кеңесте айтылды.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Тимур Жанкенің айтуынша, 2014 жылдың 9 айының ішінде облыстағы жүйе құраушы кәсіпорындар бойынша сатып алулар көлемі 107,2 млн теңгені құраған, жергілікті құрамның үлесі 41,9 пайыз болды, соның ішінде тауарларды сатып алудың үлесі 16.6 пайыз, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатып алу үлесі 100 пайызды құраған.

Облыстық әкімдіктің мәліметтері бойынша, 2014 жылы Жамбыл облысының өнеркәсіптік кәсіпорындары 274,3 млрд. теңгенің өнімін шығарды, 2013 жылы физикалық көлемнің индексі 105,7 пайыз болды. Кен өндіруші өнеркәсіпте оң динамика сақталуда (ФКИ - 112,0 пайыз), өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі өсті (102,3 пайыз), оған химия (104,6 пайыз), азық-түлік (118,9 пайыз), жеңіл (139,7 пайыз) өнеркәсібіндегі көрсеткіштердің өсуі себеп болды.

2010-2014 жылдары ҮИИД мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезеңінде Жамбыл облысында жалпы сомасы 123,3 млрд теңгенің 33 жобасы іске қосылды, 5 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны құрылған. 2015-2019 жылдары мемлекеттік бағдарламаның аясында, 4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 527,2 млрд. теңгеге тағы 14 инвестициялық жобаны іске асыру қарастырылған.

Почти две трети товаров и услуг на предприятиях Жамбылской области имеют казахстанское содержание Почти две трети товаров и услуг на предприятиях Жамбылской области имеют казахстанское содержание Почти две трети товаров и услуг на предприятиях Жамбылской области имеют казахстанское содержание Почти две трети товаров и услуг на предприятиях Жамбылской области имеют казахстанское содержание Почти две трети товаров и услуг на предприятиях Жамбылской области имеют казахстанское содержание Почти две трети товаров и услуг на предприятиях Жамбылской области имеют казахстанское содержание

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT