Тауар сапасын бақылайтын комитет қашан құрылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылдың бірінші тоқсанында Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитеті құрылады. Бұл жайында Мәжіліс депутатының ресми сауалына жауап берген ҚР Премьер-Миинстрі Бақытжан Сағынтаев атап өткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетін құруға қатысты Үкімет әдістерін мақұлдаған.

«Осыған орай, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Фармация комитеті мен Қоғамдық денсаулықты сақтау комитеттерін қосу жолымен ҚР денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитеті құрылады. Оған адам денсаулығына әсер ететін тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін, медициналық қызметтер сапасын, дәріханалардағы шекті бөлшек бағаны сақтауға бақылауды қоса алғанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарының айналымы саласын, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету саласын бақылау қызметтері беріледі», - деп атап өтеді Б.Сағынтаев.

Сонымен қатар, Премьер-Министрдің дерегінше, Үкімет тауарлар мен қызметтерді стандарттауды дамыту және сапасын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспар қабылдауды жоспарлап отыр. Аталған жоспар аясында халықаралық стандарттар мен Еразиялық экономикалық одақ талаптарына сай келетін тауарлар мен қызметтердің жаңа стандарттары әзірленіп, қолданыстағы стандарттар жетілдіріледі.

Соңғы жаңалықтар