+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

«Тау-Кен Самұрық» компаниясына ғылыми институттарды қосқан дұрыс емес - профессор

2019 жылғы 18 сәуір 18:12
Бөлісіңіз:
«Тау-Кен Самұрық» компаниясына ғылыми институттарды қосқан дұрыс емес - профессор

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚР Минералды шикізаттардың кешенді өңдеу ұлттық орталығы» РМК директоры Әбдірасыл Жарменов ғылыми институттарды «Тау-Кен Самұрық» компаниясына қосуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Иә, «Тау-Кен Самұрық» компаниясы өз құрамына Металлургия және кен байыту институын, сондай-ақ, Ядролық физика институтын қосуды көздейді. Ол жайында Үкіметте де айтылды. Аталған институттардың бізге ешбір қатысы жоқ. Дегенмен, мен ондай бастамаларға қарсымын. Мәселен, осыдан он жыл бұрын ғылыми-зерттеу ұйымдарын жоғары оқу орындарына беріп едік. Соның салдарынан біраз мықты ғылыми орталықтарды жоғалтып алдық. Олар мүлдем жабылды. Сосын «ҚазМұнайГаз» компаниясына екі институтты берген еді. Қазір екеуі де жекеменшік мекеме болып кетті», - деді Ә.Жарменов елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Ғалымның айтуынша, ғылыми-зерттеу ұйымдарын бәсекелестік ортаға беруден пайда жоқ. Себебі ондай мекемелерге өздігімен табыс табу қиын. Ол табысты тапқан күннің өзінде тапсырыстардың аясынан шыға алмайды. Қазірдің өзінде ондай тәжірибені тек дамыған мемлекеттер ғана іске асырады. Олардың саны да көп емес.

«Кезінде біздің институтымызды да бәсекелестік ортаға береміз дегенде мен бірден арызымды жазып, осыдан не істесеңдер де, соны істеңдер деп, кетуге дайын болдым. Бұл жерде маңызды бір мәселені ескеру керек, ғылымнан келетін пайда тек 30-40 жылдан кейін ғана сезіледі. Ондайға кім дайын? Өкінішке қарай, бізде 20 жыл түгіл, 20 күн күте алмайды. Сондықтан ғылыми ұйымдарды бюджеттің есебінен ұстау қажет. Сонда еркіндік те болады. Шетелде ғылыми-зерттеу институттарының басым бөлігі жекеменшікте дейді. Ол - өтірік. Себебі Нобель лауреаттарының 95 проценті - мемлекеттік мекемеден шыққан ғалымдар», - деп атап көрсетті Ә.Жарменов.

Айта кетейік, Үкіметтің соңғы отырысында «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Аxметжан Есімов «Тау-Кен Самұрық» компаниясын күшейту мәселесін көтерген болатын. «Біз бұны кезінде Елбасына ұсынғанбыз. Өзіңіз де жақсы білесіз, Асқар Ұзақбайұлы (ҚР Премьер-Министрі - авт.). Бұл - «Тау-Кен Самұрық»-тың негізінде сатылмас біріктірілген кешен құру мәселесі. Қор тау-кен және металургиялық саланы кешенді дамыту, оның ішінде геологиялық барлау және ғылыми-теxникалық әлеуетті арттыру мүмкіндіктерін қарастыруда. Ол үшін Қазгеология, Металлургия және кен байыту институты, сондай-ақ, ERG акцияларының мемлекеттік пакеті сияқты активтердің әлеуетін «Тау-Кен Самұрық» компаниясына беру жолымен шоғырландыруды талап етеді», - деді А.Есімов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT