Тау-кен саласын пайдаланушыларға жеңілдіктер орнына қосымша кеніштерді игеру мүмкіндігі берілмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тау-кен саласында жер қойнауын игерушілерге жеңілдіктер орнына қосымша кеніштерді игеру мүмкіндігі берілмек. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Тау-кен металлургия кешені үшін қосымша жүктеме және жеңілдіктер бойынша жыл сайын мемлекет бюджетін толықтыратын өзге де аударымдар қалыптастырылмақ. 2021 жылдың қорытындысы бойынша 300 млрд теңге мөлшерінде сома анықталды.

Жеңілдіктер түріндегі ерікті аударымдардың орнына металдарды одан әрі игеру және шығару үшін кен орындары берілетін болады», - деді ведомство басшысы.

Ал жоғары қайта өңделген өнімдерді шығаратын кәсіпорындар жаңа жобалар үшін салықтың барлық түрлерінен босатылмақ.

«Шетелден әкелінетін алюминий, мыс бұйымдарына тәуелділікті азайту мақсатында «Өнеркәсіптік саясат туралы» заңда өңдеу өнеркәсібінің отандық кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту жөніндегі Министрліктің құзыреті көзделген, бұл кәсіпорындарды дайын бұйымдар шығаруға ынталандыруға ықпал етеді», -деді министр.


Соңғы жаңалықтар