Валюта бағамдары:
    usd/kzt 447.9 eur/kzt 482.16

    rub/kzt 5.54 cny/kzt 63.46
Ауа райы:
Астана+17+19℃
  Jańalyqtar  >

Тәттілер, салт-дәстүр және құндылық - әзербайжандықтар үшін Наурыз мейрамының мәні

2023 жылғы 21 наурыз, 22:29

БАКУ. ҚазАқпарат - Көктемнің келуімен қатар Әзербайжан табиғаттың жаңаруы мен жаңа өмірдің басталуын бейнелейтін Наурыз байрамын (Наурыз мейрамы) тойлауға кең көлемде дайындалады. Түрлі елдердің ұлттық мәдениеттерін біріктірген мерекенің қалай тойланатыны туралы ҚазАқпарат тілшісінің материалынан оқыңыз.

Фото: trend.az Наурыз мейрамы Орталық Азия мен Таяу Шығыс халықтарының ең көне дәстүрлі мерекелерінің бірі, оның терең мағынасы мен мәдени-тарихи құндылығы бар.

Фото: Джавид Гашимов

Әзербайжанда Наурыз мейрамы өзгерістер уақыты болып саналады, сондықтан мерекеге бірнеше апта бұрын дайындалады. Мұнда мереке қалыптасқан ұлттық салт-дәстүрге, қызықты рәсімдер мен әдет-ғұрыптарға сәйкес өтіп, оған ерекше көңіл бөлінеді.
Жаңа жылдың бірінші күні ерте тұрып, жуыну әдетке айналған, өйткені су тазалықтың белгісі. Ескі жылдың соңғы түнінде барлық отбасы мүшелері өткен жылдың барлық қиындықтарын «жуып тастау» үшін ұйықтар алдында бір-біріне су шашады.

Фото: azertag.az Мереке қарсаңында барлық өкпе-ренішті кешіруге тырысып, үйлерін ретке келтіріп, мерекелік киімдерін алдын-ала дайындайды. Ал көшелерде тазарту оттары жағылып, ескі заттар өртеледі. От зұлым рухтарды үркітіп, жақсылық шақырады деп сенеді.
Наурызда әрбір адам мүмкіндігінше мерекені өз үйінде, отбасы мүшелерінің арасында тойлауы керек. Кез-келген адам сыйлы қонақ болуға құқылы. Көшеде кездескендер құшақтасып, бір-біріне ұзақ ғұмыр, бақ-береке тілеп, халық билерін билейді.
Мерекенің маңызды атрибуттарының бірі - мол мерекелік дастархан, өйткені Наурыз мерекесін тойлау үйге молшылық пен сәттілік әкеледі. Әр үйде міндетті түрде әртүрлі тағамдар дайындалады, олардың арасында мерекелік палау міндетті түрде болуы керек.
Әзербайжан тағамдары шекербура, баклава, бадамбура, гогал т.б дәстүрлі кондитерлік өнімдерге негізделген. Дастарханға жоғарыда аталған тағамдардан басқа айна, майшам және түрлі-түсті жұмыртқалар қойылады.

Фото: Расул Рагимов

Фото: azertag.az

Фото: Расул Рагимов

Фото: azertag.az

Фото: Расул Рагимов

Фото: azertag.az

Фото: trend.az

Фото: Надежда Джавадова

Фото: trend.az

Фото: azertag.az


Автор:

Смағұлова Еркежан

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар