USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Татарстаннан ШҚО-ға тәжірибелі дәрігерлер келеді

2020 жылғы 8 шілде 18:25
Бөлісіңіз:
Татарстаннан ШҚО-ға тәжірибелі дәрігерлер келеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Таяуда Татарстаннан 20-дан астам тәжірибелі маман ШҚО-ға келеді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов облыстағы COVID-19 жағдайы туралы тікелей эфирде өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ресей ғалымдары коронавирусқа қарсы жаңа препаратты сынақтан өткізіп жатыр Қазақстанда қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды

«Облыста 82 адам, оның ішінде 51-і пневмониядан, 22-сі коронавирус және басқа да қосымша дерттен қаза тапты. Жақынын жоғалтқан отбасыларға қайғыра көңіл айтамын», - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, облыста компьютерлік томография мүмкіндігі күшейтілген.

«Кезекті болдырмас үшін Өскемен, Семейдегі үш медициналық мекеме облыстағы аудандарды бөліп алып, сол аудандардан келген науқастарды қарайды. 55 электрондық рентгенді қолданатын боламыз. 277 реанимациялық орын дайындадық. Жоғары техникалық орындарда аса ауыр жағдайдағы адамдар жатады. Бүгінгі таңда науқастарға қарау үшін қосымша 148 дәрігер, 197 медбике жұмысқа тартылды. Қазіргі уақытта Татарстан президентімен келісімге келдік. Жақын уақытта ол жақтан 20-дан астам тәжірибелі маман ШҚО-ға біздің дәрігерлерге кеңес беруге келеді», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT